Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq: «Қызыл» мәртебесі бар ақмолалыққа 80 мың теңге айыппұл салынды

2021 жылдың 22 маусым 2021 21:16

СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Степногор қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына бармақ болған ASHYQ қосымшасында «қызыл» мәртебесі бар азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азамат карантинді сақтап, 2 апта үйде болуы керек, бірақ оның орнына ол басқаларға коронавирус жұқтыру қаупін тудыратын қоғамдық орынға барды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары тәртіп бұзушыға әкімшілік айыппұл салды. ҚР ӘҚБтК-нің 452-бабына сәйкес оның мөлшері 87 510 теңгені құрайды», - дейді Ақмола облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаменің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, құқық бұзушы 7 күн ішінде өзіне салынған айыппұлының жартысын төлеуге мүмкіндігі бар. ASHYQ ақпараттық платформасының арқасында Ақмола облысында 17 сәуір мен 18 маусым аралығында өзін - өзі оқшаулау режимін бұзудың 93 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 жағдай «қызыл», 61 жағдай «сары».


Жоғары қарай