Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq: Вакцина алғандар жасыл түсте болады

2021 жылдың 13 мамыр 2021 13:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жүйесінде вакцина алған тұрғындар қандай түсті мәртебеге ие болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ashyq қосымшасында вакцинация паспорты қашан біріктіріледі және мұндай азаматтар қандай түсті көрсетеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері жоба жетекшілерін осындай сауал қойды.

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина вакциналау паспорты Ashyq қосымшасына кіріктірілетінін айтты. Қазір бұл мәселе Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрліг нің мамандарымен бірге пысықталып жатыр.

«Вакцинаның екі компонентімен толық егілгендердің мәртебесі жасыл түспен белгіленетін болды», - деп түсіндірді Жанар Оразалина.

Департамент басшысы вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен 1 шілдеге дейін интеграцияланатынын айтты.


Жоғары қарай