Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ashyq» жобасы арқылы жұмысымыз қайта жанданды - мейрамхана әкімшісі

2021 жылдың 9 маусым 2021 14:59

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпкерлердің бизнесі қайта жандана түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы «Самұрық» мейрамханасы карантинге қарамастан жұмысын бұрынғысынша жалғастыруда. Өйткені, мейрамхана облыс орталығында алғашқылардың бірі болып, «Ashyq» мобильдік қосымшасына қосылып отыр. Әлемді жайлаған індет бұл мейрамхананың да жұмысына әсер етті. Карантиндік шектеулердің салдарынан нысанның жұмыс кестесі шектеліп, келушілер азайған еді. Енді міне, «Ashyq» мобильдік қосымшасына қосылған мейрамхана иесі де, осында нәпақасын тауып жүрген қызметшілер де дән риза. Ең бастысы келушілер үшін қауіпсіз.

«Біз «Ashyq» мобильдік қосымшасымен пилоттық жүйеде жұмыс істедік. Бұл жоба пандемия кезінде бизнесі тұралап қалған кәсіпкерлерлер үшін өте тиімді. Осы жоба арқылы жұмысымыз қайта жандана түсті. Бұрындарды жәй күндері келушілер санын 30 адамнан асырмай, кешкі сағат кешкі сегізге ғана дейін жұмыс істесек, демалыс күндері мейрамхана жабық тұратын еді. Енді, «Ashyq» жобасы арқылы жұмысымыз қайта жандана түсті. Жәй күндері де, демалыс күндері де түнгі сағат екіге дейін жұмыс істейміз. Оның үстіне адам саны 50 адамға дейін ұлғайтылды. Клиенттер мен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін осы жоба тиімді болып тұр. Өйткені, карантин кезінде мейрамханаға көп адам келе алмады. Яғни, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс жасай алмадық»,- дейді мейрамхана әкімшісі Алмас Рахматуллин.




«Ashyq» жобасымен жұмыс істеп жатқан нысанда санитарлық талаптар сақталған. Мейрамхананың кіреберісіне QR код жүйесі орнатылған. Келушілердің осы арқылы статусы анықталады. ПТР тест тапсырмаған және вирус жұқтырмағандарға - көк түс, ПТР тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен болса - жасыл жанады. Ал науқастармен байланыста болғандарға - сары, коронавирус жұқтырғандарға - қызыл түс шығады. Сары мен қызыл түс көрсеткендер нысандарға кіре алмайды.

Ал смартфонына қосымшаны жүктемеген тұрғындарға мекеме қызметкерлері көмектеседі. Яғни азаматтың жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмірін тексеру арқылы оның мәртебесін анықтай алады.


Жоғары қарай