Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq жобасымен жұмыс істейтін нысандарға жеңілдік берілді - БҚО

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 22:40

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың 10 қыркүйектегі жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткендей, жаңа қаулы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес Ashyq қосымшасымен жұмыс істейтін нысандарға жеңілдік берілді.

Атап айтқанда, осыған дейін сауда үйлері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 00.00-ге дейін жұмыс жасаса, енді өздерінің бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес қызмет ете алады.

Сол секілді фудкорттар бұрын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ашық болса, бұдан былай олар да өз уақытымен жұмыс істейді.

Ashyq қосымшасымен қоғамдық тамақтандыру орындары бұрынғыдан екі сағатқа артық жұмыс істей алады.

Театрлар мен кинотеатрлар сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасап келсе, енді уақытын 00.00-ге дейін созады.

Ashyq көшбасшылары өз жұмыс кестесімен қызмет атқарады.

Қаулыға жаңа тармақ қосылды. Енді жиналыс, кеңестер, семинар, конференцияларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің биылғы қыркүйектегі №42 қаулысының талаптарын сақтай отырып, оффлайн режимде өткізуге рұқсат берілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО мектептерінде 130 оқушыдан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай