Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асқар Мамин бизнеске нақты қандай бағытта көмек пен қолдау көрсетілетінін жария етті

2020 жылдың 23 маусым 2020 10:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАҚпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин бизнеске нақты қандай бағытта көмек пен қолдау көрсетілетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнес жүргізу шарттарын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны реттеп, кедендік әкімшілікті үнемі жетілдіруде. Осы жылдың 18 маусымында Парламент Сенаты бизнес-ахуалды жақсарту бойынша заңнамалық бастамалардың сегізінші топтамасын қабылдады. Алты кодекс пен 33 заңға 200-ге жуық түзету енгізілді. Атап айтқанда жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпарат ашық болады. Екіншіден, электр желілерін қосу аясында «Бір терезе» қағидатын енгізу көзделген. Үшіншіден, табиғи монополиялар субъектілерін ақпарат алу бойынша барлық несиелік бюро үшін тең жағдайлар жасалады», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, төртіншіденғ сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы мен техникалық шарттары бар жер телімдерін беру рәсімдері де жеңілдетілген.

«Бесіншіден, қабылданатын түзетулер монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге біз барлық өңірдің кәсіпкерлерінің мәселелерін талқыладық. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша бизнесті қолдау және 43 қосымша шарадан тұратын шаралар жоспары жасалды. Бұл шаралар өткен аптада өткізілген экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша мемлекеттік комиссияның отырысында жан-жақты талқыланды», - деді ол.

Асқар Мамин іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған бірқатар бағытты қамтитынын жеткізді.


Жоғары қарай