Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асқар Мамин: Дәрігердің еңбегін қанша асыра бағаласақ та артық болмайды

2020 жылдың 21 маусым 2020 11:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

***

«Құрметті еліміздің медицина қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Дәрігердің қоғам мен ел алдындағы еңбегін қанша асыра бағаласақ та артық болмайды. Сіздер — азаматтардың денсаулығын сақтап, дертіне шипа, жанына жылу сыйлаған ардақты мамандық иесісіздер. Адам өміріне араша түсіп, дені сау сапалы ұлт қалыптастыруға, сол арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келесіздер.

Қазіргідей күрделі кезеңдегі ауыртпалыққа төтеп беріп, коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген сіздерден халқымыз күнделікті жанкешті еңбектің, кәсіби борышқа деген адалдықтың үлгісін көріп отыр.

Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Барлық медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, толайым табыс және амандық тілеймін!

Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.
Жоғары қарай