Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин ел экономикасының тұрақты өсуіне негіз болатын факторды атады

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 айда негізгі капиталға салынған инвестиция 6,2 пайыз өскен. Мұны Үкімет отырысын қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі капиталға салынған инвестиция - 6,2 пайыз, ал тау-кен өндірісін қоспағанда 11,7 пайыз өсті. Бұл болашақта экономиканың тұрақты өсуіне негіз болады. Қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша, барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелді», - деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, 6 көрсеткіш бойынша өсім Ақмола, Ақтөбе, атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы сияқты 9 өңірде байқалған.

Ал Батыс Қазақстан облысында тек 5 көрсеткіш бойынша оң динамика бар.

«Министрліктер мен әкімдіктерге жылдың соңына дейін барлық жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деген Премьер-Министр бұл тапсырманың орындалуын бақылауды бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жүктеді.


Жоғары қарай