Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин: Халық арасында ревакцинацияның маңызын түсіндіру жұмыстары жүргізілсін

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 08:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер - Министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, ревакцинацияның маңызын халыққа түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы экономикалық жағдай тұрақты. Коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны азайып келеді. Инфекциялық ауруханалардағы орындар 24 пайызға, ал реанимациядағы орындар 21 пайызға жүктелген. Өңірлердің көбі «жасыл» аймақта (11), «сары» аймақта 5 өңір, «қызыл» аймақта 1 ғана өңір бар. Коронавирус инфекциясынан қорғауы мүмкін негізгі құрал вакцина алу мен ревакцинация болып табылады. Қазіргі уақытта шамамен 8,8 млн адам бірінші компонет салдырды. Бұл 18 жастан асқан азаматтардың 77,5 пайызы. Екінші комопеннтті 72,4 пайызы екінші компонент салдырды», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол вакциналау қарқыны төмен өңірлерді атады.

«Маңғыстауғ Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарына вакциналаумен және ревакциналаумен қамтуды күшейту қажет. Әкімдіктер Денсаулық сақтау және Ақпарат министрліктерімен бірлесіп, халықтың арасында ревакцинациялау қажеттілігі жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмысын қамтамасыз етсін. Вирустың жаңа штамы пайда болғанын ескеріп, мемлекеттік шекарада сырттан келетін адамдарды күшейтілген бақылау жалғастырылсын», - деген Үкімет басшысы бұл істің бәрін бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.


Жоғары қарай