Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады

2021 жылдың 15 қараша 2021 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ахуалды өздеріңіз де жақсы білесіздер. Біз оны жақсарып келеді деп санаймыз. Бүгінде «қызыл» аймақта екі өңір ғана қалып отыр. Олар: Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары», - деді Үкімет басшысы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Премьер-Министр дерегінше, бүгінде елімізде 8 млн 880 мың адам коронавирусқақарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 7 млн 800 мың адам екінші компонентімен егілген.

«Бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазір вакцина алатын азаматтардың санатын кеңейттік. Олар: емізулі баласы бар және жүкті әйелдер, сонымен қатар 12 мен 18 жастағы мектеп оқушылары. Pfizer вакцинасы жеткізілді. Мұның барлығы да бізге қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды осы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, ауруханалардағы төсек-орынға, жалпы денсаулық сақтау саласына жүктеме төмендеп отыр. Бүгінде еліміздегі инфекциялық ауруханалар 30, ал реанимациялық төсек-орындар 27 пайыздық жүктемемен жұмыс істеп тұр.

«Бүгінде ахуал тұрақтанды деп санаймыз. Жоғарыда атап өткен екі өңір қазіргі қарқынмен жүре берсе, онда «қызыл» аймақтан шығуы тиіс деп есептейміз. Осылайша, бүкіл Қазақстан қолайлы санитарлық жағдайда болады», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай