Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Мамин Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті

2021 жылдың 27 шілде 2021 15:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Өзбекстанмен стратегиялық серіктестігі транзиттік-көлік саласын қоса алғанда, барлық бағыттарда қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Өзбекстан тараптары өзара сауда көлемін ұлғайту үшін көлік-логистика әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

2021 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 46%-ға өсіп, $1,5 млрд құрады. ҚР-ның ӨР-ға экспорты 58,4%-ға ұлғайды.

Пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің артқаны байқалады.

Тек 2021 жылдың І тоқсанында контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57% өсіммен 233,9 мың ЖФЭ-ге дейін артып келеді. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі осы жылдың 6 айында 18%-ға өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады.

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта ҚР мен ӨР арасында аптасына 32 рейс орындалады.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру — «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісін, «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу және т. б. жоспарларды талқылады.


Басты сөздер: Өзбекстан, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай