Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Мамин жаңа сыртқы істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ұжымына, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИИДМ) ұжымына бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен тағайындалған жаңа басшыларын - Мұхат Тілеуберді мен Бейбіт Атамқұловты таныстырды.





СІМ-нің басқарушылық құрамымен кездесуде Үкімет басшысы Б. Атамқұловқа ҚР сыртқы істер министрі қызметіндегі жұмысы үшін алғыс айтып, оған ИИДМ басшысы ретіндегі қызметіне табыс, ал оның ізін басқан М. Тілеубердіге сыртқы істер министрі қызметінде жемісті жұмыс тіледі.

Асқар Мамин Б. Атамқұловты ИИДМ ұжымына таныстырып, тағайындалған министрдің үлкен тәжірибесі мен құзыретін атап өтті.


Жоғары қарай