Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асқар Мамин: Журналистика - өте қызықты әрі жауапты мамандық

2020 жылдың 27 маусым 2020 10:43

НҰР-СҰЛТАН: ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті БАҚ қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Журналистика — өте қызықты әрі жауапты мамандық. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырасыздар, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырасыздар. Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, биліктің барлық тармағының жұмысын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруға ықпал етесіздер.

Қазіргі қиын уақытта сіздер еліміздегі ахуал туралы жұртшылыққа уақытылы әрі шынайы ақпаратты жеткізе отырып, коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде қызмет етіп жүрсіздер.

Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық БАҚ-тың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін!


Жоғары қарай