Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Умаров ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Қуанышұлы Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі: халықаралық экономикалық қатынастар.

Еңбек жолын 1996 жылы жекеменшік компанияда туристерді жөнелту бөлімінің көмекшісі болып бастады.

1997-1998 жж. — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жетекші маманы.

1998-1999 жж. — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жж. — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жж. — Қазақстан РТРК АҚ – Астана ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының бас редакторы.

2007-2010 жж. — жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2011-2013 жж. — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2013-2014 жж. — жеке ұйымның креативті директоры.

2014-2015 жж. — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жж. — қоғамдық қордың президенті.

2017-2021 жж. — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

Асқар Қуанышұлы 2017 жылдан 2021 жылдың тамызына дейін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болды .

2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.

Жоғары қарай