Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асқар Жұмағалиев: «Интернет арқылы жер бөлу» жобасын өңірлерге енгізуге дайынбыз

2020 жылдың 14 шілде 2020 11:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Интернет арқылы жер бөлу» жобасын өңірлерге енгізуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының жер қатынастарын цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін құру жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда жүйе - «Интернет арқылы жер бөлу» пилоттық жобасын іске асырудың негізгі бөлігі. Бүгінгі күні жоба Ақтөбе қаласында пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың геопорталдары 100% дайын болса қалалар мен аймақтарда пилоттық жобаны бастауға дайынбыз», - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп геопорталдардың техникалық дайындығын қамтамасыз етіп, пилоттық жобаларды іске асыруы қажет.

«Онлайн арқылы жер беруді бастау үшін Қаржы министрлігі «Мемлекеттік тіркелімнің» электрондық сауда алаңын электрондық үкімет порталымен және Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен біріктіруді қамтамасыз етуі керек. Жобаның маңыздылығын ескере отырып, тез арада аталған шараларды іске асыруды сұраймыз», - деді ол.


Жоғары қарай