Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Асқар Жұмағалиев: Қазақстан – интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі

2020 жылдың 30 маусым 2020 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан – интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні дамыған инфрақұрылым цифрлық сауаттың артуына өз әсерін тигізеді. Әсіресе, ауылды елді мекендерді айта кетсек, қазіргі таңда еліміз - интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі. Елдегі интернеттің тартылу деңгейі - 86,8%. Бүгінгі таңда инфрақұрылымды дамыту бойынша елімізде 2 ірі жоба іске асуда. Ол - ауылды мекендерге кеңжолақты интернетті жеткізу. Осының нәтижесінде интернеттің қолжетімділік деңгейі 99,3% жетеді», - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, интернетке қолжетімділік біздің азаматтарға, соның ішінде ауыл тұрғындарына цифрлық экономиканы дамытуға, онлайн білім беруге және қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.



Жоғары қарай