Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әскери кафедраға түсушілер үшін медкомиссиядан өту мерзімі ұзартылды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери кафедраға түсушілер үшін медициналық комиссиядан өту мерзімі 10 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық жоғары оқу орындарында қазіргі таңда 35 әскери кафедра жұмыс істейді. Жыл сайын 6 мыңға жуық запастағы офицер кафедра бітіріп шығады.

«Қазіргі уақытта өңірлердегі студенттердің басым бөлігі медициналық куәландырудан өтті. Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап медициналық комиссиядан 1000-нан астам кандидат студент өткен болатын. Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына түсуге ниет білдірушілердің көптеп келуін ескере отырып, республика бойынша медициналық куәландырудан өту мерзімі 2020 жылғы 10 қазанға дейін ұзартылды», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінен.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің құзыретіне регламенттік рәсімдер кірмейді. Медициналық комиссиялардың орналасқан жері, олардың құрамы мен жұмыс кестесі жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған. Әкімдіктердің шешімі бойынша медициналық тексеру күн сайын сағат 14-тен 18-ге дейін жүргізіледі.


Жоғары қарай