Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әскери тікұшақ Калифорния жағалауында теңізге құлады

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 10:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні әскери тікұшақ ұшу кезінде Калифорния штатының жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 3-флотының сайтында жарияланған хабарламада Abraham Lincoln атомдық әуе тасымалдағышының бортынан аттанған MH-60S тікұшағы Сан-диего қаласынан шамамен 110 шақырым жерде теңізге құлағандығы айтылады.

Болған оқиғаның себептері анықталып жатыр. Әскери-теңіз күштері АҚШ-тың Жағалау күзетімен бірге іздестіру-құтқару операциясын жүргізуде.


Басты сөздер: АҚШ, Оқиға,
Жоғары қарай