Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Әскерилер Алматы әуежайы маңындағы жағдайды көрсетті

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 20:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі Алматы әуежайы маңындағы жағдайдың видеосын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайында Қарулы күштер бақылау-өткізу режимін қамтамасыз етіп, жолаушылардың құжаттары мен билеттерін тексеріп жатыр.

Ведомство төтенше жағдай кезінде тексеру іс-шаралары міндетті болатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайы уақытша жұмыс істемей тұр. Мекеменің баспасөз қызметі онда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Бұған дейін террористерге қарсы арнайы операция барысында Алматы әуежайы босатылғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстер билеттерін айыппұлсыз қайтаруға болады.





Жоғары қарай