Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың аймақтық энергетикалық компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Астана АЭК» АҚ-ның қаражатын алаяқтық жолымен жымқыру фактісі бойынша АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Компанияның басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ оған бағынысты – Сарыарқа АЭК басшысы және АҚ-ның сату бөлімінің басшысы, 2020 жылы заңды тұлғалардың шығын ретінде есептен шығарылған электр энергиясын нақты тұтыну көлемін азайту арқылы АҚ-ның 50 миллион теңгеден астам сомасын жымқырғанын анықталды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, заңды тұлғалардың тұтынған электр қуаты үшін АҚ-ға төленетін қаражаттың 100-ының 30-ын АҚ-ның лауазымды тұлғалары пара ретінде иемденген. 50 пайызын шығын ретінде есептен шығарған. Ал қалған 20 пайызы АҚ-ға төленген. Осылайша, АҚ заңды тұлғалар тұтынған электр қуаты үшін төлемнің 80 пайызын алған жоқ.

«Акционерлік қоғам басқармасы төрағасының орынбасары және сату бөлімінің басшысы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабымен ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижесі бойынша қабылданады. Тергеу мүдделеріне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», - деді ол.


Жоғары қарай