Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астана автобустарын дезинфекциялауға күніне 2,8 тонна ерітінді жұмсалады

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 09:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктеріне күн сайын дезинфекция жүргізіледі. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күн сайын ауысым аяқталғаннан кейін елорданың қоғамдық көлігін жуумен бірге, толық дезинфекциялау жүргізіледі.

Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер мұқият өңделеді.

Айта кету керек, автобустарды санитарлық өңдеу үшін күн сайын 2800 литр дезерітінді қолданылады», - деді компаниядан.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексеруді жалғастыруда.

«Өкінішке қарай, бетперде тағудан бас тартатын жолаушылар да бар. Қоғамдық көлікте бетперде тағу қажеттігін ұмытпауға шақырамыз», - деді City Transportation Systems-тен.


Жоғары қарай