Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана форматында Сирия жөніндегі жоғары деңгейде кездесу өтеді

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 16:30

НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат – 21-22 желтоқсан күндері елордада Астана форматындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кездесу 21-22 желтоқсан күндері офлайн форматында өтеді. Оған барлық тарап қатысатындығын растады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, жүзбе-жүз кездесуге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран, сонымен қатар байқаушылар қатысатын болады.

Айта кетейік, Астана форматындағы Сирия бойынша 16-ші халықаралық кездесу осы жылың 8 шілдесінде өткен болатын. Кездесу қорытындысында Астана форматындағы келіссөздің кепілгер елдері Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының бірлескен мәлімдемесі қабылданған еді.

Онда: «Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық қызыл крест ұйымы өкілдерінің Астана форматындағы байқаушылар ретінде қатысуын ризашылықпен атап өттік. Қазақстан билігіне Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматындағы Сирия бойынша 16-шы халықаралық кездесуді өткізгені үшін шынайы алғысымызды білдірдік», - делінген.


Жоғары қарай