Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Астана халықаралық қаржы орталығында төреліктің жаңа түрі жұмысын бастады

2019 жылдың 5 шілде 2019 17:58

НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Астана халықаралық қаржы орталығына қарасты халықаралық төрелік орталығы жаңа қызмет түрін іске қосты. «Арб-Мед» қызметі халықаралық төрешілер шешімін таба алмаған дауларды медиция принциптерімен шешуді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, халықаралық төрелік орталығында 36 қазақстандық оқудан өткен. Осының арқасында олар Лондондағы дауларды тиімді шешу орталығының халықаралық аккредиттеуіне сай біліктілік сертификаттарын алған.

«Еуразиядағы экономикалық даулардың көбін баламалы жолмен шешу үшін инвесторлар біздің халықаралық төрелік орталығына жүгінеді. Бұл тұрғыда біз нөмірі бірінші ұйымбыз. Ал Нұр-Сұлтан қаласында қолға алған Арб-Мед жобасы - ең жаңа бастамамыз. Біз сондай-ақ Қазақстанда үздік халықаралық медиация стандарттарын ұсынуға білікті медиаторлар қоғамдастығын дамытпақпыз», - дейді халықаралық төрелік орталығы мен астан халықаралық қаржы орталығының сот аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт.

Жоғары қарай