Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана көшелеріне қандай муралдар көрік беріп тұр

2020 жылдың 26 қазан 2020 23:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үйлер мен қоғамдық орындарда бейнеленген муралдар елорданың келбетін ашып, жарқын бояулармен, түрлі композициялармен көрік беріп тұр. Нұр-Сұлтан көшелеріндегі арт-өнер галереясы қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларына аса бай. Қаладағы ерекше муралдарға елорда әкімдігінің ресми сайты шолу жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғарыш ортасы» муралы - осы жазда Қабанбай батыр даңғылындағы Дөңгелек алаңның көпір астындағы аумағында пайда болды. Жұмбақ ғалам, зерттелмеген планеталар мен ғарыштық денелер бұл жерге ерекше атмосфера сыйлайды.











Қазақтың ұлы ақыны Абайдың портреті Абай даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің сәнін келтіріп тұр. Бұл жұмыс ақынның 175 жылдығына орай Байқоңыр әкімдігінің қолдауымен салынды.





Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне арналған «Біз біргеміз» муралы. Композиция Сарыарқа және Жангелдин көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйдің қабырғасында бейнеленген.





Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде орындалған «Иллюстрация» кейіпкерлер галереясын суретші Александра Калачева 2018 жылы Urban Fest Astana аясында салған. Суреттерде қала тұрғындарының күнделікті өмірі бейнеленген.












Әзербайжандық суретші Самир Салаховтың «Даладағы түс» стрит-артында (Молдағұлова көшесіндегі үйде) барыс пен ақбөкен бейнеленген.

Есенберлин көшесіндегі үйде Zmogk-тың «Тарих» муралы орналасқан. Бұл муралдың жарқын түстері көз тартады. Суретте тарихи оқиғаларды қағазға түсіріп отырған қызды көруге болады.

Евгений Ches-тің «Табиғат тақырыбындағы коллажы» бетон үйлер, шыны ғимараттармен астасқан қалалық көрініске табиғат мотивтерін араластырады.


Жоғары қарай