Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана LRT ісі: Сот үкімі 28 мамырда шығатын болды

2021 жылдың 24 мамыр 2021 17:32

НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат – Астана LRT ісі бойынша сот үкімі 28 мамыр күні сағат 16.00-де шығатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Астана LRT» ісі бойынша өткен кезекті сот отырысында сотталушылар соңғы сөзін айтты.

Айыпталушылар мен олардың өкілі Дулат Мүсенов пен Дәурен Әбдіхамитов соңғы сөзінде судьядан барынша әділ шешім шығаруын өтінді.

Сотталушылардың соңғы сөзінен кейін судья Қажымұқан Мекемтас сот отырысының аяқталғанын мәлім етті.

Оның сөзіне сенсек, сот үкімі 28 мамыр күні сағат 16.00-де шығады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен мәжілісте LRT құрылысы ісін тергеуді жеделдетуді тапсырған болатын.

Істі тергеу 2020 жылдың басында аяқталды. Тергеу кезінде 10-нан астам адамның жауапкершілігі тексерілді.

Сондай-ақ, 3 адамға Интерпол желісі арқылы іздеу жарияланған.

Іс сотқа 2020 жылдың 2 қазанында жолданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2-департаментінің басшысы Сергей Перов осы іске қатысты күдікті деп танылған Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені туралы ақпарат бар екенін мәлімдеген еді.


Жоғары қарай