Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана мұғалімдерінің 99,7 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған

2021 жылдың 28 тамыз 2021 22:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде жаңа оқу жылының қалай басталатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы оқу орындары эпидемиологиялық жағдайдың қиындығына қарамастан дәстүрлі форматта оқуға толық дайын.

1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары жаңа санитарлық ережелер бойынша жұмыс істейді.

Қала мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданды.

«Бүгінгі таңда мұғалімдердің 99,7%-дан астамы және техникалық қызметкерлердің 98,9% екпе алды. Барлық білім ұйымдары Ashyq жүйесіне 100% қосылған. Бүкіл білім ұйымдары санитарлық талаптарға сәйкес дезинфекциялық құралдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева оқу орындарындағы жаңа жағдайларды түсіндірді.

«Дезинфекциялық іс-шаралар, ылғалды тазалау, үй-жайларды желдету және кварцтау, термометр, күнделікті әлеуметтік қашықтық, мектеп мұғалімдері мен техникалық қызметкерлерді вакциналау, ауысымдық оқу процесін ұйымдастыру, асхананың, медициналық кабинеттердің жұмыс режимі және бетперде режимін сақтау жүргізіледі. Барлық білім ұйымдары санитарлық талаптарға сәйкес дезинфекциялық құралдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген», - деді ол.

Жоғары қарай