Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Pro Team велошабандозы «Тур Окситании» көпкүндігінде үшінші орын иеленді

2020 жылдың 6 тамыз 2020 13:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Александр Власов Рокамадур қаласында ұзақтығы 195 метр кезеңмен аяқталған франциялық «Тур Окситании» көпкүндік жарысының қорытынды классификациясында үшінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Власов мәреге шамамен 600 метрдей қалған сәтте басты қарсыластарынан озбаққа әрекеттенді. Ол бес секундтық басымдыққа ие бола алған, алайда мәренің дәл алдында қарсыластары оны қуып жетті. Барлығы спринт жарысында шешілді. Оның жеңімпазы франциялық спортшы Бенуа Конефруа болды. Александр Власов бесінші болып келді, бұл нәтиже жарыстың жалпы есебінде үшінші орыннан көрінуіне жеткілікті болған.

«Тур Окситании» жарысының жеңімпазы - Колумбия спортшысы Эган Берналь болса, екінші орынды Павел Сиваков, ал үшінші орынды Александр Власов еншіледі.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай