Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана процесі: Кепілгер елдер бірлескен мәлімдеме жасады

2021 жылдың 8 шілде 2021 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Астана форматындағы Сирия бойынша 16-шы халықаралық кездесу аяқталды. Қорытындысында келіссөзге қатысушылар бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана форматындағы келіссөздің кепілгер елдері Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасының бірлескен мәлімдемесінде Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін бірлігі мен аумақтық тұтастығын жақтайтындықтары атап өтілген. Сонымен қатар Сирияның әр қиырында лаңкестік әрекеттердің арта түсуіне, оның салдарынан бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың көбеюіне алаңдаушылық танытып, ИГИЛ, Джабхат Ан-Нусра/Хейат Тахрир Аш-Шам», бұған қоса Әл-Каидамен байланысты бар ұйымдарды толықтай жою бағытында ынтымақтастықты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілгендігіне баса назар аударылған.

«Халықаралық құқықты, халықаралық гуманитарлық құқықты бұзатын, Сирияның және көршілес елдердің егемендігіне нұқсан келтіретін, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретін Израильдің Сирияға әскери шабуылының жалғасуын айыптадық және оларды тоқтатуға шақырдық. Сирия қақтығысының әскери шешімі жоқ екендігіне нық сенім білдірдік», - делінген бірлескен мәлімдемеде.












































Жоғары қарай