Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Astana» велошабандозы Испания көпкүндігінің кезеңінде 2-орын алды

2020 жылдың 28 қазан 2020 01:11

МАДРИД. ҚазАқпарат - «Astana Pro Team» командасының испаниялық велошабандозы Омар Фрайле «Вуэльта Испания» көпкүндігінің жетінші кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кезеңнің жалпы ұзындығы 159,7 шақырымды құрады. Мәреге бірінші болып 3 сағат 48 минут 16 секундта «EF Pro Cycling» командасының мүшесі, канадалық Майкл Вудс жетті. «Astana Pro Team» велошабандозы Омар Фрайле одан төрт секундқа қалып қойып, екінші келді. Үшінші орында - «Movistar Team» мүшесі Алехандро Вальверде.

Жалпы есепте бұрынғыша, «INEOS Grenadiers» командасының спортшысы, эквадорлық Ричард Карапас көш бастап тұр.

Еске салсақ, «Вуэльта Испания» көпкүндігінің алтыншы кезеңін «Astana Pro Team»-нің испаниялық мүшесі Йон Исагирре жеңіп алған болатын.

20 қазанда басталған Испания велокөпкүндігі 8 қарашада аяқталады.

1985 жылдан бері алғаш рет жарыс 21 кезеңге бөлінбейді.

Коронавирус пандемиясына байланысты ол 18 кезеңнен тұратын болады.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай