Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Астана» велошабандозы «Венето Классик» жарысының жеңімпазы болды

2021 жылдың 17 қазан 2021 22:15

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Астана» велокомандасының 22 жастағы мүшесі Самуэле Баттистелла «Венето Классик» біркүндік жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» командасының италиялық мүшесін ізін ала финишке «UAE-Team Emirates» командасының велошабандозы, швейцариялық Марк Хирши жетті. Үшінші орында «Androni Giocattoli - Sidermec» командасынан колумбиялық Джонатан Рестрепо болса, төртінші болып «Астанадан» Алексей Луценко келді.

Қазақстандық команданың құрамында аталған екі спортшыдан бөлек, Мануэле Боаро (Италия), Фабио Феллине (Италия), Родриго Контрерас (Колумбия) және Давиде Мартинелли (Италия) болды.

«Астана» командасы 2021 жылғы маусымды «Венето Классик» біркүндік италиялық жарысымен аяқтайтыны бұған дейін хабарланған болатын. Жарыстың жалпы ұзақтығы – 206,5 шақырым.

Бұған дейін «Астана» велокомандасының атауы өзгергенін жазған едік. Команда 2022 жылғы маусымда Astana Qazaqstan Team атауымен өнер көрсетеді.

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай