Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астана жолдарында жасыл түсті жолақтар пайда болады

2021 жылдың 11 мамыр 2021 21:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл түске боялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізушілердің назарын дер кезінде аудару үшін автобус қозғалысына бөлінген жолақтарды жасыл түске бояу туралы шешім қабылдаған.

«Қазіргі уақытта жол қозғалысын ұйымдастырудың аталған сызбасын пайдалануға болатын көшелер анықталып жатыр», - деді департаменттен.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Жол, Көлік,
Жоғары қарай