Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада 1 мыңнан астам пациент есірткіге тәуелділіктен емделіп жатыр

2022 жылдың 13 мамыр 2022 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы медициналық орталықта 1189 адам есірткіге құмарлықтан арылу үшін ем алып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта наркологиялық орталықта 1189 пациент ем алып жатыр. Олардың арасында 658-і опиоид затын қолданғандар, 226-ы психоактивті заттарды қолданушы және 248 емделуші стимулятор психотроптық заттарын қолданған. Кәмелет жасына толмағандар арасында есірткі мен психоактивті заттардың зияны туралы 26 медициналық ақпараттандыру шарасы ұйымдастырылды», - деді Гүлназ Досмырзаева қалалық мәслихаттың отырысында жасаған баяндамасында.

Оның мәлімдеуінше, бүгінде есірткіге тәуелділіктен артылу мақсатында ем алып жатқандардың үлесі 4 пайызға артқан.

«Осыған дейін 707 пациент тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда медициналық-әлеуметтік оңалтудан өтті. Атап айтқанда, 599 азамат ішімдікке тәуелді және 171 есірткіге тәуелді пациент», - дейді ол. Жалпы алғанда ішімдікке тәуелділер 78 пайызды құрайды, опиоид затына тәуелділер 49 пайыз және психоактивті заттарға құмартушылардың үлесі 74 пайызды құрап отыр», - дейді ол.

Бұған дейін күн сайын елорда дәріханаларында есірткі тектес 1 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылатыны туралы хабарлаған едік.


Жоғары қарай