Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады

2021 жылдың 27 ақпан 2021 11:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл сайын 300-ден астам отбасын апатты үйлерден жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді табыс еткен қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылдың қиындықтарына қарамастан, көптеген жұмыстар атқарылды. Жұмыс әлі де көп. Партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізіне 13 негізгі басым бағыт алынды. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын 10 мыңға жуық жеңілдікті әлеуметтік пәтер салу және беру, 125 тұрғын үй кешенін және 150 лифтіні жөндеу, 300-ден астам отбасын апатты үйлерден қауіпсіз жаңа тұрғын үй кешендеріне көшіру жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, 5 жыл ішінде 50 мемлекеттік мектеп салынады, орта және жоғары білім алу үшін гранттар саны жоспарлы түрде ұлғайтылады. «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша тағы 30 «үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады, тағы 5 ірі медициналық мекеме салынады», - деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ қала басшысының айтуынша, алдағы жылдарда 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 км нөсер кәрізі, қосалқы станция және 177 км электрмен жабдықтау желілері, 23 км жылумен жабдықтау желілері, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстары салынады. Сондай-ақ, 6 мектеп, бірқатар медициналық орталық, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 50 саябақ пен сквер құрылады, 123 км велосипед жолдары төселеді.














Жоғары қарай