Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар тарады

2021 жылдың 24 мамыр 2021 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін белгісіз біреулер мектептердің электронды поштасына хат жолдап, мектепке жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Бұл жайында полицияның «102» арнасына бірнеше шақырту келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде мектептердің аумағынан адамдарды көшіру аяқталды.

Жарылғыш зат табылған жоқ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

«Азаматтардан дүрбелең тудырмауды және мессенджерлерде жалған хабарламаны таратпауды сұраймыз» деп ескертеді полиция.



Жоғары қарай