Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада Бұқар Жырау - Ұлы дала көшелері аралығы 1,5 айға жартылай жабылды

2022 жылдың 13 мамыр 2022 10:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралық ішінара 50 күнге жөндеуге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Еңбекшілер көшесі мен Алаш тасжолында инженерлік желілер мен жол төсемін салу жұмысын бастады», - деленгін Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында .

Осы жылдың 13 мамырынан 1 шілдесіне дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Еңбекшілер көшесінің Бұқар Жырау көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Бұдан бөлек, 13-31 мамыр аралығында Алаш тас жолының Жолымбет көшесінен 191-көшеге дейінгі аралығында қозғалыс жартылай жабылды.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарманың хабарламасында.


Жоғары қарай