Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Астанада дезинфекциялауға байланысты автобус бағыттары өзгерді

2020 жылдың 7 маусым 2020 09:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 8 автобустың бағыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, бұл - жөндеу және дезинфекция жұмыстарына байланысты.

«City Transportation Systems» ЖШС №19, 40, 29, 14, 32, 3, 4, 4А бағыттары қозғалыс кестесін уақытша өзгертетінін хабарлады», - деді қала әкімдігінен.

ҚР Қарулы Күштерінің әскерилері Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция жұмыстарының екінші кезеңін бастағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Осы күндері елордада жол жөндеу жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр. Жалпы биыл ұзындығы 100 км болатын 150 көшені жөндеу жоспарланған.


Жоғары қарай