Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада есігін жауып алып жұмыс істейтін кафе-барлар азаймай отыр

2021 жылдың 30 шілде 2021 15:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторинг топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Күн сайын олар қаланың 100-ден астам мекемесі мен сауда нысандарында шектеу шараларының сақталуын тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, өткен тәулікте 8 кәсіпкерлік нысанның карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Есіл ауданында «Chechil Pub» барында, «Чир-Chic», «Veranda» мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, «Аlanya» караоке-мейрамханасы есіктерін жауып жұмыс істеген.




Сарыарқа ауданында карантин талаптарын бұзғандар тізімінде «K-RIMA» дәмді палау орталығы, «Пей здесь» лаундж-бары бар.

Белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Еда мира» кафесіне, «Пар house», «Parilkino» сауналарында келушілерді қабылдаған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз.

Күн сайын қалада КВИ ауруының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталып жатыр, аурудың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық пациент инфекциялық стационарларға түсуде.

Осыған байланысты мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Айта кету керек, инфекцияның өсуін тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – екпе егу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру.

Ол үшін вакцинаны халықтың 60%-дан астамы алуы тиіс.





Жоғары қарай