Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада қиын жағдайға тап болған қыздарға арналған орталық ашу керек – депутат

2021 жылдың 31 наурыз 2021 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында 68 бала тіркелген. Оның 60% – қыз балалар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда бүкіл әлем экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Әрине, Нұр-Сұлтан қаласы бұдан шет қала алмайды. Халықтың әлеуметтік мәселелері қаншалықты күрделі болса, сол мәселелердің бір ұшы міндетті түрде жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға келіп тиеді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы бар. Өткен жылдың мәліметі бойынша, сол орталыққа 35 бала тіркелсе, биыл 3 айдың ішінде сол балалардың саны 68-ге жетіп отыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Тілеуханова.

Оның айтуынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған 68 баланың 60% – қыздар.

«Бұл – жүректі ауыртатын мәселе. Осыған орай білім басқармасына 12-18 жас аралығындағы қыздарға арналған арнайы орталық ашуды және осы мәселені шешуге қатысты ұсыныстар дайындауды тапсыру қажет деп санаймын», - дейді ол.


Фото: Mediaworld.kz

Жоғары қарай