Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада қоғамдық көлік бағасы өсе ме

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қоғамдық көліктің бағасы көтерілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уақыт өткен сайын кез келген жүйе заман талабына сай өзгеріп тұрады. Қазір елордада қоғамдық көлік ақысын төлеудің бірнеше тәсілі бар. Енді сол тәсілдерді одан әрі жетілдіре түспекпіз. Бүгінде елорданың кейбір автобустарында жолақы төлеудің жаңа жүйесін пилоттық жоба ретінде енгіздік. Осы саламен айналысатын 3 компания өз өнімдерін ұсынып отыр, соның ішінен үздік деген біреуін таңдайтын боламыз. Бірден айтып кетейін, төлем жасаудың жаңа жүйесін енгізуге бюджеттен қаржы жұмсалмайды, шығын инвестордың есебінен», - деді Бекмырза Игенбердинов.

Оның айтуынша, жаңашылдық жолаушылардың жайлылығы үшін жасалып жатыр.

«Көпті мазалайтын тағы бір сұрақ тарифке қатысты. Баға өспейді. Енгізіліп отырған жаңашылдық тек қоғамдық көлік ақысын төлеу жүйесіне ғана қатысты. Қалғаны сол бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада қоғамдық көлік ақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілетіні хабарланды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 170 мыңға жуық жолаушы қоғамдық көлік ақысын төлемей жүргені анықталды.

Одан бөлек, автобус жұмысына Ashyq жүйесін енгізу мәселесі сөз болды.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан, Тариф, Баға,
Жоғары қарай