Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада көмір сатып алуға әлеуметтік көмек беріледі

2020 жылдың 19 қараша 2020 13:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көмір сатып алуға әлеуметтік көмек төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Төлемді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жүргізеді.

Әлеуметтік төлем беріледі: пешпен жылытылатын өз атындағы үйде немесе жалдамалы үйде тұратын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларға. Бұл ретте, олардың тұрғын үйде тіркеуде тұруы міндетті. Сондай-ақ жан басына шаққандағы табыс 4 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 160 мың теңге) аспауы қажет.

Өтемақы бір жылыту маусымында бір рет қана беріледі. Оның көлемі – 16 айлық есептiк көрсеткiш немесе 44 448 теңге.

Айта кетейік, көмір сатып алуға өтемақы алуға құқылы бiрнеше адам бiр жекеменшiк үйде тұрған жағдайда, өтемақы олардың біреуіне ғана беріледі.

Карантин шараларын сақтау мақсатында өтініш электронды үкімет (egov.kz) порталында 15 қазаннан 30 сәуірге дейін қабылданады.

Өтінішпен бірге келесі құжаттар қоса ұсынылуы қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

4) зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін;

5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.

6) банктік шот туралы мәлімет.

Сұрақтар бойынша келесі тұлғаларға хабарласуға болады:

- Филаретова Инна Юрьевна Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 158 08 53;

- Жанұзақова Құралай Серікқызы Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 705 468 50 01;

- Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 433 93 36;

- Станбаева Салтанат Дүйсенқызы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы - 8 702 961 09 68.


Жоғары қарай