Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада коронавирус жұқтырған 17 адам қоғамдық орында қыдырып жүрген

2021 жылдың 2 желтоқсан 2021 16:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 бойынша үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қызыл» статусы Сovid-19 жөнінде ПТР зерттеуінің оң нәтижесін алған адамдарға беріледі.

«Қызыл» статусы бар адамдар ПТР тестілеуінің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 14 күнді қоса алғанда, өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы керек.

Осы уақыт аралығында олар вирустың белсенді таратушысы болып саналады және нәтижесінде олардың айналасындағы адамдарға жұқтыру қаупі бар.

1. Джанзакова А.С.
2. Пошаковский А.А.
3. Абылкаиров Д.
4. Барайкина С.Ж.
5. Абилова А.
6. Есильбаева Б.К.
7. Қалимолла М.
8. Абылгазина А.К.
9. Каиржанова Л.У.
10. Сарсекеев Ж.Х.
11. Оркашбаева Ж.М.
12. Бауыржанұлы Қ.
13. Закиров Е.Б.
14. Шахманова Д.Т.
15. Альжанова М.М.
16. Турсынкулов Т.Р.
17. Алтынханова Б.Ж.

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын карантиндік-шектеу шараларын, оның ішінде үй карантинін «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарды бұзбауға шақырады.


Жоғары қарай