Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада Қостанай және Қарағанды облыстарының жәрмеңкесі өтеді

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 3 және 4 қазан күндері Қостанай және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен мәлім еткендей, жәрмеңке «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) өтеді.

Екі күн ішінде аталған екі облыстың 14 ауданы мен 7 қаласынан барлығы 130-дан астам кәсіпорын ауылшаруашылық өнімдерін ұсынатын болады. Олардың қатарында сүт, ет өнімдерін шығаратын республикаға және шет елге танымал бренд-кәсіпорындар бар: «Шахтерское» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Редмилк» ЖШС, «ЕвразиянФудс» ЖШС, «Құлагер», «Дедов» ЖШС, «Мецгер» ЖШС, «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Лидер-2010» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Тэрра» ШҚ, «Қаржау» ШҚ, «TERRA MEAT» ЖШС, «Торғай Ет» ЖШС, «Қорғау» ЖШС, «Sher-777» ЖШС және тағы басқасы.
Елордаға салмағы 980 тонна болатын 100-ден астам өнім түрі жеткізіледі. Оның ішінде мал еті – 150 тоннадан астам, сүт өнімдері – 50 тонна, шұжық өнімдері және жартылай ет өнімдері – 20 тонна, балық – 5 тонна, жарма және макарон өнімдері – 30 тонна, картоп пен көкөніс – 60 тонна, ұн – 50 тонна.
Сондай-ақ, ұсынылған өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және өзгесі кіреді.
Барлық өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен сатылатын болады.

«Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен қашықтықты сақтауды, маска тағуды және санитайзерлерді қолдануды ұмытпауы керек», - деді астана әкімдігінен.


Жоғары қарай