Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада құдыққа құлап көз жұмған 13 жасар оқушы: Арада екі жыл өткенде сот үкімі шықты

2021 жылдың 5 тамыз 2021 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК кәріз қызметінің басшысы В.В. Власенкоға «абайсызда қазаға ұшырату бабы» бойынша айыптау үкімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың баспасөз қызметіне сілтемемен.

Сот 2019 жылдың 16 ақпанында Железнодорожный кенті Горький көшесі, 22 мекенжайында «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК қарамағындағы «1100 орындық мектеп» нысанының кәріз құдығының қақпағы жабылмағанын анықтады.

Осының салдарынан ашық құдыққа құлап кеткен Б.Ш. Өмірхан қаза тапқан еді.

Кейіннен осы іске қатысы бар бірқатар жауапты тұлғаларға сөгіс жарияланды .

«Сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 170-бабы 1-бөлігі, 3-тармағы негізінде азаматтық талапкердің арызын қанағаттандыру және оның мөлшері мәселесін соттың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауына беруді ұйғарды. Бұл ретте сот жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызын ішінара қанағаттандырып, жәбірленуші П. А. Чиникбаеваның пайдасына сотталушы В. В. Власенкодан 4 000 000 теңге өндірді. «Астана су Арнасы» ШЖҚ МКК азаматтық жауапкерінен бұрын қайтыс болған бала отбасына ерікті түрде 2 300 000 теңге материалдық көмек көрсеткенін назарға ала отырып, 6 000 000 теңге төлем жүктелді. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші П.А. Чиникбаева азаматтық жауапкердің тұрғын үймен және жұмыс орнымен қамтамасыз ету ұсынысынан бас тартқанын атап өткен жөн», - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен В. В. Власенко кінәлі деп танылды, бірақ іс мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жоғары қарай