Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 03:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының аясында наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына наркологиялық көмекті мамандандырылған Психикалық денсаулық орталығы кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетеді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, орталық қызметі психоактивті заттарға, яғни есірткі секілді дәрілік заттарға тәуелділіктен зардап шегетіндерді емдеуге, оңалтуға, оларға консультация беруге бағытталған.

«Бүгіннен бастап iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына наркологиялық көмек мәселелері бойынша тәулік бойы 109 қысқа нөмірі арқылы консультация береді. Мобильді және қалалық телефондардан хабарласу тегін.




Наркологиялық тәуелділікке қатысты барлық қоңыраулар мен өтініштер жасырын режимде өңделетінін айта кеткен жөн.

Нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындарға тәуелділік – бұл тек бір ғана емделушінің басындағы мәселе емес, ол бүкіл отбасының проблемасы. Себебі тәуелділіктен зардап шегетіндер өзіне және айналадағы бүкіл жақындарына қиындық келтіреді.

Психоактивті заттарға тәуелділіктен арылуға қатысты көмек бойынша iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы немесе төмендегі жолдармен жүгінуге болады:

- әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;
- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);
- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
- aitu.city порталы.


Жоғары қарай