Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада полиция мен байкерлер автошеру өткізеді

2021 жылдың 22 мамыр 2021 23:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен байкерлер автошеру өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Колоннада апаттан кейінгі көліктер тиелген эвакуаторлар, апаттардың алдын алуға арналған билбордтар ілінген автобустар, Полиция департаментінің мотоцикл жүргізушілері мен танымал байкерлер болады.

Автошеру 23 мамыр күні сағат 10.00-де Жетіген, 16 мекенжайынан басталып, «Бәйтерек» монументі маңында аяқталады. Сол жерде «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі. Оның барысында елорда тұрғындары мен қонақтары көкейкесті мәселелер бойынша полициямен тікелей байланыса алады.

Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қоғам назарын аударту.

Шеру ұйымдастырушылары – Жергілікті полиция қызметі басқармасы және «ROAD BROTHERS MCC KAZAKHSTAN» байкерлер клубы.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Көлік, Жол,
Жоғары қарай