Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Астанада рейд: карантин шараларын бұзғандар жауапқа тартылды

2020 жылдың 8 шілде 2020 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері карантин кезінде мерекелер өткізу және санитарлық талаптарды сақтамаған нысандардың иелерін жауапкершілікке тартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас санитар дәрігердің Нұр-Сұлтанда қатаң шектеу шаларын енгізу туралы қаулысына қарамастан, көптеген азамат бұл талаптарды қасақана елемейді. Осыған орай Нұр-Сұлтан полициясы санитарлық талаптардың сақталуына рейд жүргізуде. Мәселен, 7 шілде күні түнгі сағат 02.28-де Манас көшесі бойындағы азық-түлік дүкені жұмыс істеп, алкоголь өнімдерін сатқан. Аталған дүкеннің жанында қоғамдық орында алкоголь сусынын ішкен азамат ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚбК 440-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, сонымен қатар кеше түнгі сағат 02.35-те Қажымұқан көшесіндегі дәмханалардың бірінің карантин шараларын бұзу фактісі тіркелді. Аталған дәмханада бір топ жас туған күнді атап өткен.

Ал сағат түнгі 0.-15-те Манас көшесінің бойындағы саунаның жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Саунаны жалға беруші 29 жастағы азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Полиция қызметкерлері карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталу қажеттігін түсіндіруге бағытталған шараларды тұрақты өткізіп келеді. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап шектеу шаралары енгізілгенін еске саламыз. Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарға карантин режимін сақтау қажеттігін ескертеді», - деп атап өтеді департаменттен.


Жоғары қарай