Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жобасы қалай жұмыс істейді

2021 жылдың 15 маусым 2021 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жобасының жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, 17 маусымнан бастап «Нұрлы жол» вокзалында Ashyq жобасы іске қосылады. Яғни, жолаушыларды аталған қосымша арқылы қабылдай бастаймыз. Жолаушы вокзалға кірер алдында Ashyq, Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшаларының көмегімен QR-код арқылы мәртебесін көрсетуі тиіс. Мобильді смартфон болмаған жағдайда жолаушының ЖСН арқылы вокзал қызметкері анықтай алады», - деді вокзал менеджері Батырхан Әбдікәрім.




Сондай-ақ, вокзал өкілі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің Ashyq жобасына қатыспайтынын мәлім етті.

«Балалар мен жасөспірімдерді тексеру міндетті емес. Ал шетел азаматтарының мәртебесін төлқұжаты арқылы анықтап, кіргізетін боламыз. Тағы бір маңызды жайт, Ashyq жобасы жолаушының вокзалға кіруге рұқсат бермейтін мәртебе көрсеткен жағдайда, оның кассаға барып пойызға алған билетін кері өткізе алмайды. Ол дегеніміз жолаушының сол сәтте вокзалға кіріп, пойызға мінуіне мүлдем болмайды деген сөз», - дейді ол.

Айта кетсек, 1 шілдеден бастап еліміздің бірқатар өңірінде вокзал жұмысы аталған жобаға қосылмақ.


Жоғары қарай