Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Астанадағы сауда орталығында әйелдің үстіне пальма құлап кетті

2019 жылдың 9 наурыз 2019 19:11 1467

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының полиция департаменті елордалық сауда-ойын-сауық орталығында пальмадан зардап шегу оқиғасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Астанадағы сауда, ойын-сауық орталықтарының бірінде болған оқиғаның видеосы жарияланды. Онда эскалатормен түсіп келе жатқан әйелдің үстіне пальма құлағаны көрініп тұр.

Департаменттің хабарлауынша, оқиға 8 наурыз күні 18.00-де болған. 

«Аталған факт негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 306-бабы («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбек ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Пальмадан зардап шеккен әйел түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Это где😱

Публикация от 🤘 (@incident_astana) 8 Мар 2019 в 5:07 PST

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай