Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанадағы Тәшенов көшесі ішінара жабылды

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Тәшенов көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәшенов көшесіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды. Бұл жайында қала әкімдігінің ресми сайты мәлімет таратты.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл 18-19 қыркүйек аралығында Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Жоғары қарай