Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Астанадағы түтін Ресей ормандарының өртінен келіп жатыр

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов қаладағы түтіннің неден пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте астана қысқы жылыту маусымында ғана түтінге оранатын. Бірақ бүгінгі түтін Сібір ормандарындағы өртпен тығыз байланысты. Желдің бағытымен өрт түтіні Қазақстан аумағына да жетті», - деп түсіндірді С. Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта.

Оның айтуынша, 25 шілдеде Ресей Федерациясының Иркутск облысы мен Краснояр өлкесінде 1 млн гектардан астам орман өртеніп жатыр.

«Сәйкесінше, өрт түтіні елордаға жетті. Екі күннен бері Павлодар қаласының тұрғындары дәл осындай түтінге тап болған еді. Оның құрамында зиянды заттар жоқ. Тұрғындардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Алаңдауға да негіз жоқ», - деді депаратмент басшысы.

С. Байғабылов түтіннің шамамен екі күнге созылатынын айтты. Демалыс күндері ауа райы қалпына келеді.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласының 24 мен 25 шілдедегі атмосфералық ауаның жай-күйін айтып берді.

Сондай-ақ, Павлодар облысы да соңғы екі күн бойы күйіктің иісі аралас түтінге оранған.


Жоғары қарай