Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанаға омикрон штамы тіркелген елдерден бір айда 2247 жолаушы келді – бас санитар

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаға бір айдың ішінде коронавирустың жаңа штамы омикрон тіркелген елдерден 2 мыңнан астам жолаушы келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада шетелден келген азаматтар арасында профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр. 12 желтоқсан (2021 жыл) мен 12 қаңтар (2022 жыл) аралығында қалаға «омикрон» штамы тіркелген елдерден 2247 жолаушы келді. Оның бәрі бір аптаға оқшаулануға жіберіліп, мамандардың бақылауында. Аталған жолаушылардан КВИ табылмады, дегенмен клиникалық симптомнан кейін бір жолаушыдан омикрон штамы анықталды. Дәлірек айтқанда, жолаушы қалаға 16 желтоқсан күні келді, ол кезде ПТР тестінің нәтижесі теріс болған. Уақыт өте келе, яғни 22 желтоқсан күні пациент медициналық көмекке жүгінеді. Тексеру нәтижесінде одан омикрон штамы анықталды», - деді С. Бейсенова әкімдікте өткен онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігердің мәлімдеуінше, пациент ревакцинациядан өткен, сондықтан да індеттің жаңа штамына жеңіл төтеп біре білді.

«Омикрон штамы тез тарап жатыр. Бүгінде әлемнің 126 елінде тіркеліп отыр. Аталған індеттен сақтанудың бірден бір амалы - карантин талаптарын сақтау және вакцина алу. Вакцина алған жағдайда қайта вакцина алуды да ұмытпаған жөн», - дейді ол.


Жоғары қарай